І жартыжылдықтың қорытындысын шығару және одан әрі жұмысты жоспарлау бойынша кеңес өткізілді
29-01-2019 16:20
І жартыжылдықтың қорытындысын шығару және одан әрі жұмысты жоспарлау бойынша кеңес өткізілді

2019 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында қалалық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, мамандандырылған мектеп-интернат директорлары орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бағыттары бойынша әдістемелік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Қатысушылар инклюзивті білім берудің Жол картасы, "РОБОЛЭНД-2019" халықаралық фестивалінің дайындық барысы, "Ұлы дала мұрагерлері" форумын өткізу дайындығы, педагогтерді аттестаттау, облыстық байқаулардың өткізілу нәтижелері, жылыжай кешенінде жасыл өсімдіктерді өсіруде аэро-гидропоника әдістерін білім беру үдерісіне енгізу туралы және т.б. мәселелер қаралып, талқыға салынды.