«Серіктес мектептердің тең және сапалы білім беру қызметін қолдау» тақырыбындағы вебинары
30-01-2019 13:52
«Серіктес мектептердің тең және сапалы білім беру қызметін қолдау» тақырыбындағы вебинары

2019 жылдың 30 қаңтарындаҚарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Табыс формуласы» бағдарламасы аясында «Серіктес мектептердің тең және сапалы білім беру қызметін қолдау» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға «Табыс формуласы» бағдарламасының кураторлары және сол бағдарламаға қатысушы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Вебинардың мақсаты:Қарағанды облысындағы аз нәтиже көрсетіп отырған мектептерге ақпараттық қолдау көрсету және қолдау көрсететін мектептердің жұмыс нәтижелерімен таныстыру.

Вебинарға облыстың 36 мектебі қатысты және келесі сұрақтар талқыланды:

  • "Табыс формуласы" облыстық бағдарламасын жүзеге асыру.

Жезқазған қаласы№3 БИЛ.

  • Серіктес мектептермен жоспар құру, Қарқаралы ауданы№44 ЖББОМ.
  • Серіктес-мектептердің сапалы білім алуы үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешенін іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі Сәтбаев қаласы№16 ЖББОМ.
  • Ұлттық білім беру саясатының бір бөлігі ретінде төмен білім беру нәтижелерін көрсететін мектептерді қолдау (әлемдік тәжірибеге шолу: Қытай).

Вебинарға қатысушылар алынған ақпараттардың өзектілігі мен келешегінің зор екендігін атап өтті.