Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»
06-04-2015 11:26
Семинар:  «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»

Семинар:  «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»

 

     2015 жылдың 3 сәуірінде «Оқу шаттығы»әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру щеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Бұқар Жырау ауданыныда Доскей кентінің Елтай орта мектебі базасында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

     Семинар мақсаты – сабақта, сабақтан тыс шараларда «Оқу шаттығы» жобасын енгізу шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту бойынша серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу.

     Семинар барысында қатысушыларға Елтай, Үштөбе, Токаревка орта мектептерінің серіктестерінің жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.

     Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын және Бұқар Жырау ауданының серіктес мектептерінің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.