Теміртау қаласында «Vпереработку» бірыңғай экологиялық күн өтті
01-02-2019 10:39
Теміртау қаласында «Vпереработку» бірыңғай экологиялық күн өтті

    2019 жылдың 02 ақпан күні Теміртау қаласының барлық мектептерінде «Vпереработку» Акциясы өтті. Барлық мектептерінде ҚТҚ бөлек жинау контейнері қойылған. 

    «Vпереработку» Акциясы аясында мектептерде ата-аналармен оқушылар үшін тақырыптық сабақтар, квесттер, шеберлік сыныптар, экологиялық тақырыпта сән көрмелері ұйымдастырылды.

Акция өткізу күні Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры, Теміртау қаласының білім бөлімі және ҚТҚ жинаумен және өңдеумен айналысатын ЖШС ұйымы арасында ҚТҚ бөлек жинау саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.