«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
01-02-2019 14:40
 «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

    2019 жылдың 1 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу» құзыреттері сарапшыларына арналған   «Автомобиль көлігі» бағыты бойыншаоблыстық әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Отырысқа облыстың 18 колледжінен 27 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.   

   Отырыс бағдарламасына сай аймақтық чемпионатты өткізу ережелері, құзыреттер бойынша сайыс тапсырмалары және бағалау критерийлері сияқты сұрақтар қарастырылды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларына толықтырулар енгізіп, қатысушы колледждерге тарату, сонымен қатар Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде 19-20 ақпанда чемпионат қатысушылары мен сарапшыларға арнап оқыту өткізу шешімі қабылданды.