2019 жылдың 4 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттері бойынша сарапшылардың отырысы өтті. Отырысқа облыстың 6 колледжінен 13 арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. аймақтық чемпионатты өткізу ережелері мен чемпионатқа дайындық барысындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, құзырет орталығы болып табылатын А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің өкілдері отырыс қатысушыларынынң назарына құзыреттер бойынша сайыс тапсырмалары мен бағалау критерийлерін ұсынды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларына толықтырулар енгізіп, бекітіп, қатысушы колледждерге тарату керектігі, және А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде келесі аптада чемпионат қатысушылары мен сарапшыларға арнап оқыту өткізу шешімі қабылданды.
«Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттері бойынша сарапшылар отырысы