«Слесарлық іс» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы
05-02-2019 16:35
«Слесарлық іс» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы

     2019 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Слесарлық іс» құзыреті бойынша сарапшылардың отырысы өтті. Отырысқа облыстың 14 колледжінен 18 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты. 
Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. аймақтық чемпионатты өткізу ережелері мен чемпионатқа дайындық барысындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, құзырет орталығы болып табылатын Қарағанды агротехникалқы колледжінің өкілі, «Слесарлық іс» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі Байсаринов Е.В. отырыс қатысушыларының назарына құзырет бойынша сайыс тапсырмалары мен бағалау критерийлерін ұсынды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларын бекітіп, қатысушы колледждерге тарату керектігі, және Қарағанды агротехникалқы колледжінде келесі аптада чемпионат қатысушылары мен сарапшыларға арнап оқыту өткізу шешімі қабылданды.