«Ветеренария», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзыреттері бойынша сарапшылар отырысы
06-02-2019 15:18
«Ветеренария», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзыреттері бойынша сарапшылар отырысы

    2019 жылдың 6 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Ветеренария», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзыреттері бойынша сарапшылардың отырысы өтті. Отырысқа облыстың 4 колледжінен 8 сарапшы қатысты. 
    Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. аймақтық чемпионатты өткізу ережелері мен чемпионатқа дайындық барысындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, құзырет орталығы болып табылатын Абай көпсалалы колледжінің өкілдері, «Ветеренария», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзыреттері бойынша бас сарапшылар отырыс қатысушыларының назарына құзырет бойынша сайыс тапсырмалары мен бағалау критерийлерінің нұсқасын ұсынды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларын бекітіп, қатысушы колледждерге тарату керектігі, және Абай көпсалалы колледжінде наурыз айында чемпионат қатысушылары мен сарапшыларға арнап оқыту өткізу шешімі қабылданды.