2019 жылдың 6 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Киім дизайны және үлгілеу» құзыреті құзыреті бойынша сарапшылардың отырысы өтті. Отырысқа облыстың 8 колледжінен 9 сарапшы қатысты.
Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. аймақтық чемпионатты өткізу ережелері мен чемпионатқа дайындық барысындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, құзырет орталығы болып табылатын Қарағанды технология және сервис колледжі өкілі, «Киім дизайны және үлгілеу» құзыреті бойынша бас сарапшы Жумина Г.К. отырыс қатысушыларының назарына құзырет бойынша сайыс тапсырмалары мен бағалау критерийлерінің нұсқасын ұсынды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларын бекітіп, қатысушы колледждерге тарату керектігі, және Қарағанды технология және сервис колледжінде келесі аптада чемпионат қатысушылары мен сарапшыларға арнап оқыту өткізу шешімі қабылданды.
«Киім дизайны және үлгілеу» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы