"Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін" атты дайын бұйымдардың облыстық студенттік жәрмеңкесі
2019 жылдың 6 ақпанында экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдары арасында "Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін" атты дайын бұйымдардың облыстық студенттік жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 174 студент қатысты, олар аспаздық өнімдерден кофе үстелдері мен орындықтарға дейін түрлі өнімдерді ұсынды. Жәрмеңке "Қарағанды банк колледжі" ЖММ базасында өтті.