«Инженерлік графика CAD» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы
07-02-2019 16:32
«Инженерлік графика CAD» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы

    2019 жылдың 7 ақпанында Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінде «Инженерлік графика CAD» құзыреті бойынша сарапшылардың отырысы өтті. Отырысқа облыстың 3 колледжінен сарапшылар, бас сарапшы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері қатысты. 
    Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. аймақтық чемпионатты өткізу ережелері мен чемпионатқа дайындық барысындағы ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, құзырет бойынша бас сарапшы мен Құзырет орталығының өкілдері отырыс қатысушыларының назарына құзырет бойынша сайыс тапсырмалары мен бағалау критерийлерінің нұсқасын ұсынды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларын бекітіп, қатысушы колледждерге тарату керектігі, сонымен қатар ақпан айы бойы сарапшылар мен қатысушыларға орталық тарапынан кеңестік көмектер көрсетіліп отыру шешімі қабылданды.
Отырыс соңында колледждегі құзырет орталығында шағын экскурсия өткізілді.