«Бизнес үшін IT-шешімдер» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы
07-02-2019 12:04
«Бизнес үшін IT-шешімдер» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы

    2019 жылдың 7 ақпанында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Бизнеске арналған IT-шешімде» құзыреттілігі бойынша сарапшылар мен сарапшы-компатриоттардың отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің сарапшы-компатриоттары, құзыреттілік бойынша бас сарапшы, ҚО ББД ОӘО әдіскері, колледж әкімшілігі қатысты.
    ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері. Кнашина А. А.өңірлік чемпионатты өткізу ережелерін түсіндірді, жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелерін айтты. Сонымен қатар, құзыреттілік бойынша бас сарапшы,құзыреттілік орталығының өкілдеріконкурстық тапсырманың жобаларын және бағалау өлшемдерін, чемпионатқа дайындық және ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын ұсынды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша байқау тапсырмаларын бекіту және барлық колледждерге, қатысушыларға жіберу, сонымен қатар ақпан айында құзірет орталығына аймақтық чемпионаттың сарапшылары мен қатысушыларына консультациялық көмек көрсету туралы шешім қабылданды.