2019 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облысының балабақшаларында:
«Снегурочка» Шахтинск қаласы
«Колокольчик» Саран қаласы
«Балбөбек» Шет ауданы
«Балдаурен» Бухаржырау ауданы
«Айгөлек» Жезқазған қаласы
«Айсұлу» Карағанды қаласы
«Жұлдыз» Балқаш қаласы
«Самал» Теміртау қалаларында «Жас оқырман» педагогикалық-әлеуметтік облыстық жоба аясында «Оқу каласы» атты облыстық акция өтті. Әлеуметтік сұрақ-жауапқа 604 ата-ана қатысты. Сұрақ-жауап нәтижесі бойынша 78% ата-аналар өз балаларына кітапты зор қуанышпен оқиды, ал 23% аз оқиды екен. Ата-аналарға«Балаңызбен бірігіп оқыған кітабыңыздың атын есіңізге түсіріңіз» деген негізгі әлеуметтік сұрақ қойылды. Сұраққа бірінші орында – ертегілер, екінші орында – энциклопедиялар және соңғы орында – балаларға арналған журналдар оқитындары белгілі болды.