«Web design» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы
08-02-2019 10:30
«Web design» құзыреті бойынша сарапшылар отырысы

2019 жылдың 8 ақпанында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде "Web дизайн" құзыреті сарапшыларына арналған отырыс өтті. Отырысқа облыстың 4 колледжінен 4 оқытушы қатысты. 
Отырыс бағдарламасына сай аймақтық чемпионатты өткізу ережелері, құзырет бойынша сайыс тапсырмалары және бағалау критерийлері сияқты сұрақтар қарастырылды. Отырыс қатысушылары өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша сайыс тапсырмаларына толықтырулар енгізіп, қатысушы колледждерге тарату шешімі қабылданды.