Ашық есік күні
11-02-2019 17:49
Ашық есік күні
    2019 жылдың 08 ақпан күні Қарағанды облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ базасында «Баланың сапалы білімге құқығын қамтамасыз ету – ОПМПК қызметінің негізгі бағыты» тақырыбындағы ашық есік күні өткізілді.
   Іс-шараға білім басқармасының мамандары, орталықтың әдіскерлері; академик А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және «Өрлеу» БАҰО» АҚ оқытушылары; қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің мамандары; арнайы білім беру ұйымдарының директорлары, инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың
стажерлік алаңдары болып табылатын жалпы білім беретін мектептердің директорлары қатысты.