«Электромонтаж», «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша сарапшылар отырысы
11-02-2019 08:48
«Электромонтаж», «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша сарапшылар отырысы

2019 жылдың 11 ақпанында Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Электромонтаж», «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттіліктері бойынша сарапшылар отырысы өтті. Отырысқа бес құзыреттілік бойынша 30 сарапшы-ө/о шебері және облыс колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Колледж директоры Балабекова С.К. отырысты алғы сөзімен бастады. Сонымен қатар, техникалық делегат ретінде ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, негізгі проблемалық мәселелерге тоқталды.

Бұдан әрі ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері Кнашина А. А. сөз сөйледі, өңірлік чемпионатты өткізу ережелерін түсіндірді, жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелерін айтты.

Өз кезегінде құзыреттілік орталығының өкілдері мен бас сарапшылар құзыреттілік бойынша конкурстық тапсырманың жобаларын және бағалау критерилерін, чемпионатқа дайындық және ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын ұсынды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша байқау тапсырмаларын бекіту және барлық колледждерге, қатысушыларға жіберу, сонымен қатар құзірет орталығына аймақтық чемпионаттың сарапшылары мен қатысушыларына консультациялық көмек көрсету, оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды.