"Құтқару ісі " құзыреті бойынша сарапшылар отырысы
08-02-2019 08:52

2019 жылдың 8 ақпанында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде "Құтқару ісі" құзыреттілігі бойынша сарапшылар отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің оқытушылары, директордың It технологиялар жөніндегі орынбасары, ҚО ББД ОӘО әдіскері, ТЖ және ӨҚ бөлімінің ұжымы, сондай-ақ ҚР ТЖ комитеті Қарағанды облысы ТЖ департаментінің кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшесінің командирі және жедел-құтқару жасағының құтқарушысы қатысты.
ТЖ және ӨҚ бөлімінің меңгерушісі  Екижановтың  А. С.сөзінен кейін, осы бағыт бойынша жарыстарға қатысу және ұйымдастыру бойынша бөлімшенің тәжірибесі бейнеролик арқылы көрсетілді. 
Бұдан әрі ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері  Кнашина А. А.өңірлік чемпионатты өткізу ережелерін және ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді.
Отырыстың негізгі бөлімінде ТЖ және ӨҚ кафедрасының оқытушылары құзыреттілік бойынша конкурстық тапсырманың жобасын ұсынды және қатысушылармен бағалау критерийлерін құрастыру бойынша сұрақтарды, чемпионатқа дайындық бойынша алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. Қатысқан оқытушылар мен тәуелсіз сарапшылар өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді. 
Отырыс қорытындысы бойынша сарапшыларды, қатысушыларды оқыту мерзімін, сондай-ақ осы құзыреттілік бойынша жарыс өткізу күнін анықтау туралы шешім қабылданды, себебі осы бағыт бойынша қауіпсіздік техникасына сәйкес жарыс өткізу мамыр айынан бастап қана мүмкін болады. Байқау материалдары түзетіліп, наурыз айының соңында барлық колледждерге жіберіледі.