2019 жылдың 8 ақпанында Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінде "Аспаздық ісі", "Наубайхана ісі", "Кондитерлік іс" құзыреттіліктері бойынша сарапшылар отырысы өтті. Қатысқандар: 1. "Аспаздық ісі" құзыреттілігі бойынша 14-13 адамнан (1 адам, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарқаралы колледжінен сарапшы болған жоқ);
2. "Наубайхана ісі" құзыреті бойынша-3 (1 бас сарапшы),;
3. "Кондитерлік іс" құзіреті бойынша 5 ( 1 бас сарапшы ). Ұйымдастыру сәттерін, алаңдағы ережелерді, сарапшылардың міндеттерін, этика кодексін, конкурстық тапсырмалар талқыланды.
Талқылау барысында Аспаз ісі бойынша тапсырмаларға аздаған өзгерістер енгізілді.
11 ақпанда технологиялық картаны барлық құзыреттер бойынша тапсыру, поварлар бойынша -қатысушылармен индукциялық пеште тағамдарды дайындау, кондитерлерге - конкурсқа сметада көрсетілмеген 5 ингредиентті өзімен бірге алып келуге болады.
"Аспаздық ісі", "Наубайхана ісі", "Кондитерлік іс" құзыреттіліктері бойынша сарапшылардың отырысы