Құзыреттілік-орталықтары-колледж директорларының отырысы
12-02-2019 14:18
Құзыреттілік-орталықтары-колледж директорларының отырысы

2019 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында WorldSkills аймақтық чемпионатының құзыреттілік орталықтары - колледж директорларының отырысы өтті.
Отырысқа Қарағанды облысының білім басқармасының өкілдері, ҚО ББД ОӘО әдіскерлері, 11 колледж директорлары қатысты.
ҚО ББД ОӘО директоры Қожахметова Г.Ш.  қатысушыларға өңірлік чемпионатты өткізу мерзімін анықтау, құзыреттілік бойынша бас сарапшыларды бекіту, 26 құзыреттілік бойынша сарапшылар отырысының қорытындысы, сметаларды жинақтау және шығындардың жалпы сметасын құру, конкурстық тапсырыстарды бекіту және барлық қатысушыларға тарату, сарапшыларды оқыту және т. б. мәселелерді талқылады.
Қатысушылар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын енгізіп, ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.