«3D моделдеу» тақырыбында шеберлік-сынып
13-02-2019 16:26
«3D  моделдеу» тақырыбында шеберлік-сынып

2019 жылдың  ақпан айының 13 күні Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-техникалық бағытын насихаттау мақсатында, информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сынып өткізді.  Қарағанды облысы бойынша шеберлік сыныпқа 40 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Шебер-сынып шеңберінде Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейнің информатика пәнінің мұғалімі Аманкелді Дәркен Бекболатқызы тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар шебер-сыныптың кәсібилігін, мұғалімдердің жоғары біліктілігін, сонымен қатар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтті.