Физика және химия кабинеттерінің лаборанттарына арналған курс
14-02-2019 16:41
Физика және химия кабинеттерінің лаборанттарына арналған курс

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2019 жылдың 14-15 ақпаны күндері физика және химия кабинеттерінің лаборанттарына арналған курс өткізілді. Курста нормативтік актілер, химия кабинетіндегі лаборанттың лауазымдық міндеттері, қауіпсіздік ережелері,  санитарлық ережелер мен нормативтік актілер, инклюзивті білім беру және т.б. тақырыптар қамтылды. «Мұрагер» ММИ химия, физика пәндерінің мұғалімдері мен лаборанттары жаратылыстану ғылымдар зертханасында жүргізілген жұмыстар бойынша тәжірибе алмасты.

Қатысушылар саны: химия пәнінің лаборанттары - 25, физика пәнінің лаборанттары – 28.