Экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы
15-02-2019 15:49
Экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 15 ақпанында "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК базасында экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы өтті. Отырыс бизнес-мектептерді дамыту бағыты бойынша колледждердің жұмыс тәжірибесіне арналды. Өз тәжірибелерін "Теміртау кәсіптік - техникалық колледжі" КММ, "ҚҚЭУ ЭБҚ колледжі" ЖММ және "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК ұсынды. Қатысушылар назарына "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК оқытушысының (Можанина Н.Е) "Бизнес немесе табысқа жол" атты іскерлік ойыны ұсынылды. Отырысқа облысымыздың 20 колледжінен 25 оқытушы қатысты.