«Шет тілін меңгеру - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру факторы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
15-02-2019 17:39
«Шет тілін меңгеру - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру факторы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 15 ақпанында «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ базасында ағылшын тілінде студенттерге арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция шетел тілдер оқытушыларының ОӘБ аясында өтті.

Конференция тақырыбы: «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде»атты VII Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде «Шет тілін меңгеру-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру факторы».

Конференцияға облыс колледждерінің 16 студенті қатысты. Барлық баяндамалар мазмұнды және тәжірибелік маңызы болды. Конференция жұмысы тілдік және тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін екі секция бойынша өтті.

Конференцияның барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттар, ал жетекшілер алғыс хат алды. Конференцияға қатысушылардың барлық жұмыстары, сондай-ақ сырттай ұсынылған мақалалар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің сайтында жарияланатын болады.