Размер шрифта:
Орыс тілі мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
20-02-2019 08:44
Орыс тілі мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылдың 20 ақпанында Жамбыл ат. ММИ базасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің «Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбындағы отырысы болып өтті.

Семинарға Н.Нұрмақов атындағы, «Мұрагер», «Дарын», МММИ, «Білім инновация» №1», №2-лицей-интернаттарының, мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаттарының 15 орыс тілі мұғалімі қатысты.

Семинарда «Жамбыл» ат. ММИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тәрбиеленушілерімен оқу және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында қуыршақтар және драмалық интернат-студиясының біргелікте дайындаған қойылымының тұсауы кесілді.