Жас Ұландар Қарғанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының білім-инновациялық мұражайымен танысты
21-02-2019 08:45
Жас Ұландар Қарғанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының білім-инновациялық мұражайымен танысты

Бүгін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ бір топ Жас Ұландары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығындағы білім-инновациялық мұражайына келіп, ардагер ұстаздардың және Рашид Хасеновтың өмір жолымен, еңбектерімен танысты.

Ұландар өз мектептерінде 5 наурыз күні Әлихан Бөкейханның туған күні қарсаңында «Шамшырақ» редакциясының құрылып жатқандығын, оның ішінде «Жыр жауһары», «Белсенді білім», «Біздің мақтанышымыз» секілді бөлімдердің болатындығын және алғашқы санына осы мұражайдан алған әсерлері туралы жазатындығын айтып өтті.