Орыс тілі мұғалімдерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы
22-02-2019 19:26
Орыс тілі мұғалімдерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Шығармашылық қызметпен айналысатын педагогтарды қолдау мақсатында 2019 жылғы 22 ақпанындағы  №1 «Білім-инновация» лицей –интернатының базасында «Көптілді білім беру жағдайында орыс тілінің қазіргі заманғы  қазақстандық қоғамдағы рөлі»  тақырыбында  орыс тілі мен әдебиет мұғалімдерінің облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өткізілді. 

Конференция жұмысына Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Сәтпаев, Приозерск қалаларының, Шет ауданы, Осакаровка, Жаңа-Арқа, Ақтоғай, Абай аудандарының, облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының

БИЛ 1, БИЛ 2, Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы, «Өркен» білім беру ұйымдарының 35 педагогтары қатысты.

Пленарлық мәжілісте баяндама жасағандар: М.К. Жумабеков – Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ журналистика кафедрасының доценті; М.А. Жетписбаева –«Өрлеу» БАҰО» АҚ директорының орынбасары, А.А.Темирова – Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімі, М.А. Итикеева – Сәтпаев қаласының №25 орта мектебінің мұғалімі.

Төрт секция жұмысында 24 мұғалім баяндама жасады.