"Бір жазушының шығармашылығы бойынша Бір күн " атты науқан
22-02-2019 12:18

Біз бұл күнді көп күттік!!! 2019 жылдың 22 ақпанында облыстық әлеуметтік -педагогикалық "Жас оқырман" жобасы аясында Қарағанды облысының 8 балабақшасында "Бір жазушының шығармашылығы бойынша Бір күн " атты науқан өтті. Б ұл күні балалар мен олардың ата-аналары төмендегідей жазушылардың шығармашылығымен терең танысты. А.Құнанбаев, К.И. Чуковский, Ы.Алтынсарин, С.Өтетілеуұлы, М.Әлімбаев, У.Тұрманжанов. Бұл күні өткізген барлық іс-шаралардан ата-аналар мен балалардың көздерінен қуаныш пен шаттық көрінді. Өткізген барлық шараларды тізіп жазу мүмкін емес. Бұл күні квест-ойындар, интелектуалды марафондар, көрмелер, әдеби бенефистер, презентациялар шығармалардың драматизациясы және жазушылармен кездесулер т.т жүргізілді