Размер шрифта:
Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарындағы қаржы сауаттылығы күні
23-02-2019 16:14
Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарындағы  қаржы сауаттылығы күні

Қазақстандықтардың қаржы сауаттылығын дамытудың маңыздылығы жайында Елбасы да, үкімет мүшелері де әрдайым айтып келеді. Бұл бағыттағы жұмысты Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы да өз қызметінің бірі деп санайды.

2019 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшылығымен Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында қаржы сауаттылығы күні өткізілді. Акция «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы іс-шараның мақсаты – студенттерге қаржы сауаттылығының негіздері мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде түсінік беру.

Қаржы сауаттылығы –  бұл қаржыға қатысты салмақты және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға көмектесетін білімдер мен дағдылар. Жастар қаржы жөнінде түсініктер ала отырып, мысалы бюджетті жоспарлау дағдысын қалыптастырады.  

Қаржы сауаттылығы күні облыстың барлық колледждерінде өткізілді және ауқымды сипатқа ие болды. Өткізілген түрлі шаралар мен студенттердің кең қамтылуы бұған дәлел бола алады. Оқытушылар «Қаржы сауаттылығы», «Жай және қаржы»,  «Ақшамен «Сен» деп» тақырыптарында сынып сағаттарын және «Жеке қаржылық жоспарлау негіздері», «Банк әліппесі», «Бұл жұмбақ тауар белгісі» сабақтан тыс шараларын, сонымен қатар «Экономикалық кафе», «Кәсіпкер болу оңай ма» және т.б. іскерлік ойындарын өткізді. 

Мысалы, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы Бегимова Н.Б. 1 курс студенттерімен «Экономикалық кафе» іскерлік ойынын өткізді. Аудитория кафе тәрізді жабдықталып, аз мәзірлері ұсынылды. Қатысушылар кезекпен тағамдарды таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ең тиімдікомандаТМ-9-18тобынан болды.

«Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушыларыКалько О.Н. менСальниковаЕ.В.ұйымдастырған «Экономикалықвикторина» және«Экономикалықказино»ойындарына колледждің 1, 3 курстарынан 60 студент қатысты.

 «Экономика барлығы үшін»жобасының аясында академик АқылбаевЖ.С.  атындағы атындағы  Балхаш маңызды білім беру колледжінде іс шаралар банк қызметкерлерін шақырумен өткізілді.

«Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ  студенттерге арнап «Адалдық аумағы» акциясын ұйцымдастырды. «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ студенттер мен оқытушыларға арнап  кәсіпкерлік қызметті танымал ету бойынша тренингтер өткізді. «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенттері үшін «Құрылыстағы кәсіпкерлік» іскерлік ойыны қызық болды.

Өткізілген акция тек қана экономикалық мамандықтар бойынша емес, сонымен қатар Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының барлық бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттердің қаржы сауаттылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.