Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру-білімге ашар жол» 2015 жылдың 17 сәуірінде облыстық «Оқу шаттығы әлеуметтік-педагогикалық» жобасын жүзеге асыру шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында «Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейінде» бастауыш сынып мұғалімдері үшін облыстық мектептер арасында тәжірибе алмасу болып өтті. Соның ішінде «Отбасылық оқу-ұрпақтардың рухани байланысын» көрсете білді.Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Халықтар достығының 20 жылдығы,Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тақырыптар қамтылды.
Семинар барысында қатысушыларға жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс жұмыстар арқылы, ата-аналармен жұмысты жандандыруда әлеуметтік серіктестікті дамытуды енгізу бойынша тәжірибелер ұсынылды.
Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын ,барлық шараларының қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.