Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру-білімге ашар жол
20-04-2015 05:31
Бастауыш  сынып оқушыларының  оқу сауаттылығын   қалыптастыру-білімге ашар жол

Семинар: «Бастауыш  сынып оқушыларының  оқу сауаттылығын  қалыптастыру-білімге ашар жол» 2015 жылдың 17 сәуірінде  облыстық  «Оқу шаттығы әлеуметтік-педагогикалық» жобасын жүзеге асыру шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында «Теміртау қаласы  №9 мектеп-лицейінде» бастауыш сынып мұғалімдері үшін облыстық  мектептер арасында тәжірибе алмасу болып өтті. Соның ішінде «Отбасылық оқу-ұрпақтардың  рухани байланысын» көрсете білді.Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Халықтар достығының 20 жылдығы,Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  тақырыптар қамтылды.

Семинар   барысында қатысушыларға жобаны жүзеге  асыруда сабақта   және сабақтан тыс  жұмыстар арқылы, ата-аналармен  жұмысты жандандыруда әлеуметтік серіктестікті дамытуды  енгізу бойынша тәжірибелер ұсынылды.

Рефлексия  жүргізу барысында семинар қатысушылары  семинардың  жоғары  дайындығын ,барлық   шараларының  қатысушылардың  белсене ат салысқандарын атап өтті.