Құқықтық пәндер оқытушыларының арасындағы облыстық сайыс
28-02-2019 23:03
Құқықтық пәндер оқытушыларының арасындағы облыстық сайыс

2019 жылдың 28 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжінде «Құқық» облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында «Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық сайысы өтті.

Сайысқа келесі номинациялар бойынша 17 жұмыс қатысты:

  • «Құқықтық пәндер бойынша үздік оқу-әдістемелік кешен»;
  • «Құқықтық пәндер бойынша үздік электронды оқу-әдістемелік кешен»;
  • «Құқықтық пәндер бойынша сабақтың үздік әдістемелік құралы».

Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1-кезең – сырттай, комиссия ұсынылған жұмыстарды қарастырды;

2-кезең – қатысушылардың еркін түрдегі презентацияның көмегімен жұмыстарын қорғауы (5-7 минут).

Екінші кезең қорытындысы бойынша  Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжінің оқытушысы Ефименко О.В. «Құқықтық пәндер бойынша үздік электронды оқу-әдістемелік кешен» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Ал қалған екі номинация бойынша әділ-қазылар сәуір айында жақсы  жұмыстар арасында екінші тур өткізу керек деп шешім қабылдады. Екінші турға келесі оқытушылардың жұмыстары таңдалып алынды:

  1. «Құқықтық пәндер бойынша үздік оқу-әдістемелік кешен» номинациясы бойынша:
  2. Абдрашидова А. Б., Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;
  3. Умирбекова Г.Ш., Инновациялық технологиялар колледжі.
  4. «Құқықтық пәндер бойынша сабақтың үздік әдістемелік құралы» номинациясы бойынша:
  5. Альмухаметова А.Г., Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі;
  6. Койшыбаева К.Ж., Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі;
  7. Смаилова Г.З., Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі;
  8. Сусан Р.Ж., Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі;
  9. Тусупбаева А.А., Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.