Размер шрифта:
Қарағанды облысы тарих пәні мұғалімдерінің форумы
01-03-2019 23:09
Қарағанды облысы тарих пәні мұғалімдерінің форумы

2019 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Қарағанды облысының Білім басқармасы «Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің форумын өткізді.

Форум аясында «Үздік тарихшы-2019» байқауының шешуші кезеңі өтті. Облыстық байқауға 46 тарих пәнінің мұғалімі қатысып, 7 мұғалім финалға жолдама алған болатын. Сайыс нәтижесі төмендегідей:

Гран-при - Б.Х. Баймухатова- Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты;

І дәрежелі диплом- Максименко Н.В. - №17 орта мектеп, Саран қаласы

II дәрежелі диплом - Л.П. Әбдіраманова. - Жезқазған қаласының №13 орта мектебі;

 III дәрежелі диплом - Ахметова А.Б.– Ғ.Мұстафин атындағы №5 орта мектебі, Теміртау қаласы.

Басқа қатысушылар номинациялармен марапатталды:

Жанат А.Ж. - Балқаш қаласы М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты;

Рысбаева С.К. -Қарағанды қаласы, А.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Икенова И.А. -Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебі.

Екінші күні форумның пленарлық бөліміне Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы- Е.Н.Иманғалиев, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі - Х.М.Әбжанов, «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығының бас директоры - Г.Б. Бейсембаев, сонымен бірге, облыс мектептері және арнайы мектеп-интернаттар мен колледждерден 250 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.