Осақаров және Шет ауданы мектептері «Әдеби – отбасылық мейманханасына» шақырады
06-03-2019 13:18
Осақаров және Шет ауданы мектептері  «Әдеби – отбасылық мейманханасына» шақырады

6 наурыз 2019 жылы «Әдеби – отбасылық мейманханасы» жобасын іске асыру үшін Осақаров ауданы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ және Шет ауданы «Жарық ОМ» КММ білім ұйымдарының шығармашылық әлеуетін таныстыру мақсатында облыстық вебинар өткізілді.

Вебинардың аясында жобаның қатысушылары №12 ОМ «Кітап патшалығы» және Жарық мектебінін «Күншуақты үй» әлеміне саяхат жасады.

Вебинарда Мейманхананы ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы мәселелеркөтеріліп,оқушылардыңморальдық-рухани тәрбиесін қалыптастыру жолдары талқыланды.