«Инженерлік үшөлшемді модельдеу» облыстық байқауы
13-03-2019 11:15
«Инженерлік үшөлшемді модельдеу» облыстық байқауы
2019 жылдың ақпан айының 01-нен ақпан айының 28-і аралығында «Болашақ инженерлер» облыстық жобасын іске асыру шеңберінде білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы «Инженерлік үшөлшемді модельдеу» байқауын өткізді.
Байқау сырттай және күндізгі кезеңдер арқылы, «Моделдеу» және «Автомоделдеу» екі номинация бойынша өтті.
Байқаудың сырттай кезеңіне облысымыздың103 мектебінен 100–ден астам оқушылардың жұмысы келіп түсті. Әділ қазылардың шешімімен байқаудың күндізгі кезеңіне үздік 44 жұмыс таңдалып алынды.
Байқаудың күндізгі кезеңі 2019 жылдың наурыз айының 12 күні Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің базасында өтті.
Күндізгі кезеңнің «Моделдеу» номинациясы бойынша оқушыларға күрделілігіне қарай үш түрлі тапсырма ұсынылып, критерийлеріне сәйкес қосымша ұпайлар берілді. «Автомоделдеу» номинациясында қатысушылар мультимедиалық презентация жасап, автокөлік үлгісін дайындады. «Болашақтағы машина» тақырыбында модельдің сапасы, дизайнерлік шешімдері бағаланды.
 
«Моделдеу» номинациясының қорытындысы бойынша:
І орын – Қарағанды қаласының №101 МЛ оқушысы Кабуш Кирилл;
ІІ орын – Осакаровка кентінің №12 ЖББМ оқушысы Абайбеков Ренат;
Қарағанды қаласының Н. Нұрмақов атындағы ММИ оқушысы Сарсембаев Абылай; Қарағанды қаласының №101 МЛ оқушысы Пилецкий Денис;
ІІІ орын – Жезқазған қаласының №26 Гимназиясының оқушысы Румянцев Тимур;
Шахтинск қаласының №1 Гимназиясының оқушысы Виниченко Антон.
 
«Автомоделдеу» номинациясының қорытындысы бойынша:
І орын – Қарағанды қаласының №101 МЛ оқушысы Астахов Никита;
ІІ орын Қарағанды қаласының Н. Нұрмақов атындағы ММИ оқушысы Берік Нұрасыл;
ІІІ орын – Қарағанды қаласының Ғ. Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ оқушылары Джунусов Тимур, Шульгина Евгения.
 
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік 10 жұмыс Санкт-
Петербург қаласындағы өтетін Халықаралық үшөлшемді модельдеу байқауына
жіберіледі.