АӘД КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
13-03-2019 10:57
АӘД КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында колледждердің алғашқы әскери дайындық оқытушыларынасеминар өткізілді. Кездесудің мақсаты – «Жас Сарбаз-2019» әскери-спорттық ойындарына дайындалу. Семинарға Қарағанды облысының 38 колледж өкілдері қатысты. Сонымен  қатар семинарға Қарағанды облысының «Жас Сарбаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Б.Жаналиев қатысты.