«Болашақтың балабақшасы: Дарынды баланы дамыту үшін жағдай жасау» тақырыбында VII онлайн ғылыми-практикалық конференция
13-03-2019 10:01
«Болашақтың балабақшасы:  Дарынды баланы дамыту үшін жағдай жасау» тақырыбында VII онлайн ғылыми-практикалық конференция

 

2019 жылдың 13 наурызында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «Болашақтың балабақшасы:  Дарынды баланы дамыту үшін жағдай жасау» тақырыбында VII онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми-практикалық конференцияны Қарағанды облысының Білім бөлімі басқармасы басшысының кеңесшісі, Ы. Алтынсарин атындағы білім беру Академиясының корреспондент мүшесі,  профессор, тғк Контаев Сабит Сеитович ашып, қатысушыларға өз сөзін арнады.

Конференция барысында Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім берудің қиындықтары  мен келешегі жайлы өзекті мәселелері қарастырылды.

Пленарлық отырыста Қарағанды облысы өңірлері өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Барлық баяндамалар  өзекті сипатқа ие боп, қатысушылар ерекше қызығушылықпен қабылдады. «Зерек» жобасы аясында білім беру сапасын арттыру, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының ортасына ерекше білім алу қажеттілігі бар баланы енгізудегі басшының рөлі», Теміртау қаласы білім беру бөлімінің мына тақырыптар бойынша: «Заманауи педагогтың мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру сапасын арттыру мақсатында білім беру технологияларын қолдану», Балқаш қаласы «Айгөлек» балабақшасының «Киіз басу-халық мұрасы, Ботақара кенті Бұқар-жырау ауданы «Жас оқырман әлеуметтік-педагогикалық жобаны іске асыру барысында педагог, ата-ана және бала оқу іскерлігін арттыру», Қарағанды қаласы «Бәйтерек» балабақшасының «Балабақшадағы робототехника-болашаққа бастама», Қарағанды қаласы «Балақай» балабақшасының «Ән сабақтарында үштілділікті қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында полимәдениеттілікке тәрбиелеуді жүзеге асыру», Жезқазған қаласы «Ер төстік» балабақшасы,  «Мектепке дейінгі ұйымда нәтижеге бағытталған әдістемелік қызмет»  тақырыбындағы мәселелі сұрақтар мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

 Пленарлық отырыстың жұмысы іскерлік, кәсіби тұрғыда өткенін айта кеткен жөн. Конференция жұмысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 1500-ден аса педагог қатысты.

            Педагогтар конференция жұмысын жоғарғы деңгейде өтті деп бағалап және осындай жұмыстың қажет және өзекті екенін атап кетті. Конференция жұмысына қатыса отырып, облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтары нақты жұмыс тәжірибесін алды.