«Үздік тәлімгер - 2019» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы
18-03-2019 14:39
 «Үздік тәлімгер - 2019» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы

2019 жылдың 21 қаңтар мен 01 наурыз аралығында Байқаудың бірінші кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлерінің электронды Портфолиосы ұсынылды.

Байқаудың бірінші кезеңінде Алғыс хатпен келесі қатысушылар марапатталды:

  • Касымова Камшат, Шет ауданы «Сәкен жалпы орта білім беру мектебі» КММ;
  • Гандурина Евгения Сергеевна, Теміртау қаласы «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ; 
  • Андреева Любовь Васильевна, Шахтинск қаласы «№3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;

Байқаудың ақтық кезеңі 2019 жылдың 12 сәуір күні өтеді. Ақтық кезеңінің қатысушылары қалалық және аудандық білім беру ұйымдарына жолданған Ақпараттық хат негізінде шақырылады. Байқауға қатысушының қолдау тобы сахнада 3 адамнан аспауы қажет.

«Үздік тәлімгер - 2019»: облыстық байқаудың ақтық кезеңінің қатысушылары:

1. Турсынова Лязат Адамкуловна, Шет ауданы «Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектеп базасындағы ТМ (РО)» КММ;    

2. Манжетова Наталья Александровна, Теміртау қаласы «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;  

3.Адамбаева Ботакөз Сериковна, Абай ауданы «Курмин тірек мектебі (РО)» КММ;

4. Буркитбай Лейла, Шахтинск қаласы «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ;        

5.Байдельспахер Елена Георгиевна, Осакаров ауданы «Молодежный кентінің №26 орта мектебінің базасындағы ТМ (РО)» КММ;

6.  Смаилова Жайнат Сагынгалиевна, Жезқазған қаласы «№14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

7.      Адьят Байкал, Нұра ауданы «Пржевал жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.   

Бірінші кезең шешімі бойынша Алғыс хаттарды 02 сәуір күні оқу-әдістемелік орталығынан (303 кабинет) немесе 12 сәуір күні байқаудың ақтық кезеңі кезінде алуға болады.