16-17 сәуір күндері «Жастар» спорт кешенінде Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «RoboLand 2015» робот техникасы бойынша фестивалі өтті.
20-04-2015 13:01
16-17 сәуір күндері «Жастар» спорт кешенінде Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «RoboLand 2015» робот техникасы бойынша фестивалі өтті.

16-17 сәуір күндері «Жастар» спорт кешенінде Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «RoboLand 2015» робот техникасы бойынша фестивалі өтті. Іс шара үлкен серпінмен өтті – онда көрмелер, семинарлар, мастер-класстар өтті. Оқушылар арасында фестиваль барысында Бірінші ашық облыстық чемпионаты өтті. Робот техникасын Қарағанды оқушылары осы жылдан бастап игере бастады. Роботтарды құру және бағдарламалау бойынша курстар бес мамандандырылған мектептерде енгізілді, соның ішінде «Мұрагер», «Дарын», Н.Нұрмақов атындағы мектеп және Қазақ-түрік лицейі.

Фестиваль қонақтарын робот техникасы бойынша өнімдердің көрмесі аса қызықтырды. Көрермендер назарына NAO және "Р.БОТ 100" роботтары ұсынылды.

Фестиваль аясында Санкт-Петербург қаласынан келген Александр Капитонов "Робот техникасы: білім берудің интегралды әдісі" атты семинарларын жүргізді. Аталмыш семинарларға фестивальға келген қонақтар, соның ішінде мұғалімдер қатыса алды.

 

Чемпионат қорытындысы:

Сумо номинациясы

1 орын – КТЛ №1

2 орын – КТЛ №1

3 орын – Н. Нұрмақов атындағы мектеп

Кегельринг номинациясы

1 орын – КТЛ №1

2 орын – Жамбыл атындағы мектеп

3 орын – Жамбыл атындағы мектеп

Шығармашылық жобалар номинациясы

1 орын – «Дарын» мектебі

2 орын – «Дарын» мектебі

3 орын – Н. Нұрмақов атындағы мектеп

Сызық бойынша жүру номинациясы

1 орын – Н. Нұрмақов атындағы мектеп

2 орын – Н. Нұрмақов атындағы мектеп

3 орын – «Дарын», Мұрагер мектептері

Ралли номинациясы бойынша барлық қатысушылар грамоталар алды