Студенттер арасындағы облыстық мәнерлеп оқу сайысы
15-03-2019 17:52
Студенттер арасындағы облыстық мәнерлеп оқу сайысы

2019 жылдың 15 наурызында  Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінде  орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында Ш.Т.Айтматовтың 90 жылдығына орай облыс колледжі студенттері арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайысқа облыстың 24 колледжінен 33 студент қатысты.

Алғы сөздерден кейін ОӘБ жетекшісі Е.В. Легкоконец Ш.Т.Айтматов туралы баяндама жасады.

Негізгі бөлімде сайыс қатысушылары  Ш.Айтматовтың «Белый пароход», «Плаха», «Материнское поле», «И дольше века длится день», «Ранние журавли», «Солдатёнок», «Буранный полустанок», «Прощай, Гульсары», «Плач перелётной птицы», «Джамиля» сияқты шығармаларын әділ-қазылардың назарына ұсынды.

Сайыстың қорытындысын жасау барысында әділ-қазылар алқасы қатысушылардың жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын, шығармашылық бейіндері мен қабілеттерін атап өтті.

Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Сайыс жеңімпаздарына диплом, ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі қатысушыларға берілді:

1 орынды  «Ранние журавли» шығармасымен Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенті Баймурзаев Нуржас Бекжанович иеленді, жетекшісі Шарипова Алма Мухамедиевна;

2 орын – «Материнское поле» шығармасымен Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенті Шматов Богдан Фёдорович, жетекшісі Шилин Александр Геннадьевич;

3 орын – «Буранный полустанок» шығармасымен Теміртау техникалық колледжі студенті Гусев Александр Андреевич, жетекшісі Мендыбаева Дарига Хайредденовна.