"Зерек" жобасының аясында «Сөз шеберханасы» облыстық семинар – практикум өтті
19-03-2019 15:18

2019 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласының «Березка» сәбилер-балбақшасы» КМҚК базасында "Зерек" жобасының аясында «Сөз шеберханасы» облыстық семинар – практикум өтті.

Семинарда балалармен, педагогтармен, ата-аналармен жұмыстың инновациялық формалары ұсынылды, "Тілді үйрену оңай", "Көңілді тапсырмалар","Дене-бағытталған техника өзіне оң көзқарасты қалыптастыру құралы ретінде", "Wilbarger Protocol грамотасын оқытудағы сенсорлық интеграция" , "Тіл мен дикцияны жаңылтпаш арқылы дамытамыз", "Балаларды рифммен ойнауға үйретеміз", "Поэтикалық минут", "Қызықты криптограмма", мектепке дейінгі балаларға арналған перфокарталар, "FanFiction жанрындағы шығарма", "Хат құрастыру" (эпистолярлық өнер), "Шығармашылық эксперимент","Қызықты этимология немесе сөз құпиялары" тақырыбында.

Семинар жұмысы оқу қызметін оңтайландыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамытуға, шаршаудың алдын алуға, жоғары оқу уәждемесін дамыту мен қолдауға, балаларда аналитикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ алған білімдерін сабақта және әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдануға бағытталған.

Іс-шараға Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск қалаларының және Жаңаарқа, Бұқар-жырау, Нұра, Осакаровка, Қарқаралы және Шет аудандарының педагогтары қатысты.

Семинар соңында "Зерек" жобасы аясында әдістемелік ұсыным берілді.