КОЛЛЕДЖДЕР АРАСЫНДАҒЫ "СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРС
26-03-2019 15:41
КОЛЛЕДЖДЕР АРАСЫНДАҒЫ

2019 жылдың 26 наурызында "Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі" КМҚК базасында "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша оқытушылардың ОӘБ аясында колледждердің арасында "Студенттердің жобалық қызметі" атты облыстық конкурс өтті. Байқауға облыстың 9 колледжінен 12 студент қатысты. Байқау оқытудың нәтижелерін анықтауға және студенттердің дербес зерттеу біліктері мен дағдыларын, сондай-ақ студенттердің компьютерлік сауаттылығын дамытуға бағытталған. Конкурс қорытындысы бойынша  "Шахтинск технологиялық колледжі" КМҚК студенттері - А. Алмазов, А. Каримов, А. Давыденко "Шалғай аудандарда ұялы байланыс желілерін құру кезінде баламалы энергия көздерін пайдалану" жобасын ұсыну арқылы 1 орынды   иеленді. 2 орын "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК студенті С. Корощенкоға "Ақылды жылыжай" жобасы үшін берілді. 3 орынды "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК студенті - Танатаров Б. "Турникет" жобасымен иеленді.