ФИЗИКА КАБИНЕТІНІҢ ЗЕРТХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КУРС
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26-27 наурызында физика кабинетінің зертханашыларына арналған курс өткізілді.
Курста келесі сұрақтар қарастырылды:
- Нормативтік актілер;
- Зертханашылардың лауазымдық міндеттері;
- Физика кабинетіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік техникасының жалпы талаптары;
- Физика сабағында зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
- Экскурсия жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
- Физика кабинетіндегі оқушыларға арналған өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
- Өрт қауіпсіздігінің шаралары;
- Санитарлық ережелер мен нормалар;
- Инклюзивті білім беру.
Курсқа 21 физика кабинетінің зертханашылары қатысты.