Семинар: «Үздік білім -оқу»
2015 жылдың 20сәуірінде «Оқу шаттығы»әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру щеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Осакаровауданында «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)»КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Үздік білім -оқу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар мақсаты – сабақта, сабақтан тыс шараларда «Оқу шаттығы» жобасын енгізу шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту бойынша серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында қатысушыларға «Осакаровка кентінің №12 орта мектебі» КММ, «Есіл ауылының №2 орта мектебі» КММ, «Озерное ауылының №13 орта мектебі» КММсеріктестерінің жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын және Осакаровауданының серіктес мектептерінің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.