2019 жылы 26 наурыз күні білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қарағанды облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі заманауи сабақтар» тақырыбында семинар өтті
Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып оқушыларының оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету және облыс мұғалімдерінің педагогикалық шеберлегін жақсартуға негізделген.
Семинар жұмысының барысы: Саран қаласының №1, 4, 6, 7, 16, 17 мектеп мұғалімдерінің шеберлік-сабақтары, заманауи мектептің тиімді сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік практикумдері, STEAM-зертханасы, сабақтарда оқытудың тиімді әдіс – тәсілдердің қолданылуы және семинар қатысушылары бірігіп «Лэпбук-материалдың жүйелілігі» үлгісі бойынша жұмыстар жүргізді.
Семинарда топпен жұмыстар ұйымдастырылып, алдағы уақытта өткізілетін сабақтарға тоқталып, әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беріліп, дискуссиялық негізде жүргізілді.
Семинарға облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 58 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.