Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі құзыреттілік тәсілі
27-03-2019 10:07
Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі құзыреттілік тәсілі

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2019 жылдың 27 наурызында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі құзыреттілік тәсілі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар мақсаты: оқыту мен білім беруде құзыреттілік ыңғайды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.Қарағанды қаласының №81, 23, орта мектептерінің, Мұстафин атындағы №83 орта мектебінің, №38 гимназиясының, Теміртау қаласының №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қызықты әрі әр түрлі формада тренингтер, шеберлік сабақтар және коучингтер өткізді.

Семинар қатысушылары бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін, креативті ойлауларын дамыту үшін тапсырмалар әзірлеуге қатысты, пікур алмасты және тәрбие іс-шараларын жоспарлау мен өткізудегі педагогикалық біліктілік бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.  

Семинарға әдістемелік бірлестік жетекшілері, Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.