«Мектеп оқушыларына домбырамен ән салуды үйрету тәсілі» облыстық семинар-практикум
03-04-2019 15:13
«Мектеп оқушыларына домбырамен ән салуды үйрету тәсілі»  облыстық семинар-практикум

2019 жылдың 3 cәуірінде  «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КҚМК базасында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының  «Домбырамен ән салу» қазақ халық бөлімінің  педагогтеріне арналған «Мектеп оқушыларына домбырамен ән салуды үйрету тәсілі»  облыстық семинар-практикум өткізілді. Іс-шара стажерліқ алаңның жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Семинардың жұмысына Қарағанды облысының 10 аймағынан  28 педагог қатысты. Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптарға қатысып, ашық сабақтарда болды.