Физика кабинетінің зертханашыларына арналған курс
05-04-2019 12:08
Физика кабинетінің зертханашыларына арналған курс

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 4-5 сәуірінде Жезқазған қаласының Қ. Шыңғысов атындағы №5 ЖББОМ базасында Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының және Ұлытау ауданының физика кабинетінің зертханашыларына арналған курс өткізілді.

Курста келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Нормативтік актілер;
  • Зертханашылардың лауазымдық міндеттері;
  • Физика кабинетіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік техникасының жалпы талаптары;
  • Физика сабағында зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
  • Экскурсия жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
  • Физика кабинетіндегі оқушыларға арналған өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
  • Өрт қауіпсіздігінің шаралары;
  • Санитарлық ережелер мен нормалар;
  • Инклюзивті білім беру.

Курсқа барлығы 39 физика кабинетінің лаборанттары қатысты.