"Жастар-шағын бизнеске" атты облыстық студенттік олимпиада
2019 жылдың 5 сәуірінде экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында "Жастар-шағын бизнеске" атты облыстық студенттік олимпиаданың 1-ші кезеңі өтті. Іс-шара "Кәсіпкерлік қызметтің негіздері" факультативі бойынша білім сапасын анықтауға бағытталған. Облыстың 20 колледжінен 54 студент қатысты. Тестілеу және шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша 2-ші кезеңге 9 студент өтті. Бизнес-идеяларды қорғау 2019 жылдың 19 сәуірінде "Қарағанды банк колледжі" ЖММ базасында өтеді.