2019 жылдың 9, 10 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында WorldSkills Karaganda-2019 аймақтық чемпионатының бас сарапшыларына арналған CIS бағалау жүйесі бойынша оқу семинары өтті.
Оқу семинарына 31 сарапшы және колледждерден 14 бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары қатысты.
ҚО ББД ОӘО директорының инновациялық оқыту түрлері мен электронды білім беру жөніндегі орынбасары Е.Р Ариновтың және ТжКББ дамыту бөлімінің әдіскері А.А.Кнашинаның алғы сөздерінен кейін, оқу семинарының негізгі бөлімін инновациялық оқыту түрлері мен электронды білім беру бөлімінің әдіскері Туребаев Т.Т. және Қарағанды техника-құрылыс колледжі бағдарламашысы Шотаев Ж.Т. өткізді.
Оқу семинарының барысында тыңдаушылар CIS бағдарламасын орнатуды, бағалау критерийлерін импорттау мен енгізуді, бағаларды енгізуді игерді.