"WORLDSKILLS KARAGANDA" АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
15-04-2019 13:31

2019 жылдың 15 сәуірінде 12 құзыреттілік бойынша "Worldskills Karaganda" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды:  "Дизайн және модельдеу" (8 қатысушы), "Дәнекерлеу технологиясы" (20 қатысушы), "Аспаз ісі" (14 қатысушы), "Кондитерлік іс" (5 қатысушы), "Мейрамхана сервисі" (3 қатысушы), "Наубайхана ісі" (4 қатысушы), "Кірпіш қалау" (5 қатысушы), "Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары" (9 қатысушы), "Сырлау және сәндік жұмыстар" (6 қатысушы), "Плиткамен қаптау" (6 қатысушы), "Электромонтаж" (5 қатысушы)), "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету" (21 қатысушы). Барлығы 12 құзыреттілік бойынша 37 колледжден 106 студент қатысады.